Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"От кешкен жылдар"

Дата: 03.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 44
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 3 мамыр күні «От кешкен жылдар» атты тарихи сағат кітапхана оқырмандарымен өтті.Аталмыш шара Қазақстанның халық қаһарманы, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың бір турар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай өткізілді. Шара барысында аңыз атамыздың өмір жолы, ерлік жолы туралы айтылды. Оқырмандар арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырылды.

Желбіре, Жеңіс жалауы!

Дата: 03.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 37
2023 жылы мамыр айының 3 - ші жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Желбіре, Жеңіс жалауы!» тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқырмандарға «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, жасөспірімдердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.

"Қарға тамырлы қазақпыз"

Дата: 28.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 32
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 28 сәуір күні «Қарға тамырлы қазақпыз» деген тақырыпта әңгіме сағаты өтті.Шараға Өтенай ауылындағы «Сұлу саз» әжелер ансамбілінің белді мүшесі, қырғыз ұлтының өкілі Диканбаева Гүлмира Бостайқызы, мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында Гүлмира апай қырғыз халқының әдет-ғұрып, салт –дәстүрі, атақты адамдары, ұлттық ойындары мен тамақтары туралы кітапхана оқырмандарына қызықты әңгімелеп берді.Балалар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.

Ынтымағы жарасқан ел

Дата: 28.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 35
2023 жылы сәуір айының 28 - ші жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы көпшілік оқырман арасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күніне «Ынтымағы жарасқан ел» тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: «Ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту, достық қарым - қатынастарын нығайту, татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

"Бір ел-бір кітап" акциясы

Дата: 28.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 27
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қалалық №2 кітапхана филиалы 28 сәуір күні Төлен Әбдікұлының кітаптарынан библиофреш ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ