"Мақал-сөздің мәйегі" сайыс
Дата: 05.05.2023
Категория: Новости
Просмотры: 32
2023 жылдың 5 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуыменен «Мақал-сөздің мәйегі» атты сайыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білімін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау, машықтарын қалыптастыру; оқушыларды ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу; оқушылардың ойлау, сөйлей білу шеберлігін дамыту, сөз саптау қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.