Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Аналар – өмірдің гүлі»

Дата: 24.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
Мамыр айының 2-ші жексенбі аналар күніне орай Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында 2023 жыл 12 мамыр күні «Аналар – өмірдің гүлі» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға анаға деген суйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу, ой өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата ана алдындағы парыздары мен қарыздары жайлы түсінік беру.

«Кемел елдің кемеңгер басшысы»

Дата: 24.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
2023 жылы мамыр айының 5-ші жұлдызы күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жыл толуына орай «Кемел елдің кемеңгер басшысы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға детектив жанрының көшбасшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.

«Бір ел- бір кітап» акциясы

Дата: 24.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 35
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2023жылы 23 мамыр күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, қазіргі заманың көрнекті жазушы Т.Әбдіктің шығармаларына арналған кітап көрмесі таныстырылды. Кітап көрмеге Т.Әбдіктің «Әке», «Таңдамалы», «Ақиқат» кітаптары қойылды. Мақсаты: Жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, рухани мұрасы жайлы түсініктерін кеңейту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін ояту, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.

«Әйгілі ақын, ақын батыр Махамбет Өтемісұлы»

Дата: 24.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 40
2023 жылдың 17 мамыр күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Әйгілі ақын, ақын батыр Махамбет Өтемісұлы» атты тарихи сағаты өтті. Мақсаты: Махамбет шығармалары бойынша алған білімдерін жетілдіру, тереңдету,ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, тұжырымды ой айта білуге үйрету.Ақын шығармаларына деген қызығушылығын ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Qyzyq time

Дата: 24.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 48
2023 жылдың мамыр айының 24 күні Талдықорған қалалық № 2 кітапхана филиалында коворкинг орталығында «Qyzyq time» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарымыздың кітапқа деген қызығушылықтарын дамыту, бос уақыттарын пайдалы да әсерлі өткізуге бағдар беру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ