Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Бір ел-бір кітап

Дата: 05.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 28
Қалалық орталық балалар кітапханасында 2024 жылдың 5 желтоқсан күні №7 орта мектептің 7 сынып оқушыларына «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай «Бір ел-бір кітап» кітап көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.

“Әбіш әлеміне саяхат” атты әдеби кеш

Дата: 05.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
2024 жылдың 4 желтоқсан күні қалалық орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 85 жыл толуына орай «Әбіш әлеміне саяхат» атты әдеби кеші өтті. Кеште Ә.Кекілбаев атамыздың өнегелі өмір жолымен таныстыра отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Шараға №12 мектептің 8 сынып оқушыларынан 24 бала қатысты. Мақсаты: Көректі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты , сенатор Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.

Шешендік сөз-өнер падишасы

Дата: 04.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 35
2024 жылдың 04 желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасында №2 орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушыларымен Тұрлымбет шешен «Шешендік сөз-өнер падишасы» атты ақпарат сағаты өтті. Шара мақсаты: Оқушыларға Тұрлымбет шешеннің сөздерін түсініп оқуға үйрету, мазмұнын тереңірек білуге, шешен сөйлеуге баулу, оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдап, өзара татулыққа үйрету.

«Кемеңгер Кекілбаев кеңістігі» таным сағаты

Дата: 04.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 35
2024 жылдың 4 желтоқсанында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 11 мектептің оқушыларымен Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Кемеңгер Кекілбаев кеңістігі» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру. Шараға 18 адам қатысты. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/8742420905833653/https://www.instagram.com/reel/DDJ3xKsonip/?utm_source=ig_web_copy_link

«Қарымы бөлек қаламгер» атты кітап көрмесі

Дата: 04.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 23
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 4 желтоқсан күні «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қарымы бөлек қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Мақсаты: «Жыл кітабы» деп тандалып алынған Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ