"Балалар-біздің болашағымыз" буктравел.
Дата: 01.06.2023
Категория: Новости
Просмотры: 35
Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы , көз қуанышы – бала . Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Осы орайда 2023 жылдың 1 маусым күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Халықаралық балалар күніне орай №12 орта мектеп гимназиясының 0, 1 сынып оқушыларының қатысуыменен «Балалар – біздің болашағымыз» атты бук-травел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.