Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Табиғат тағдыры-адамзат тағдыры"

Дата: 05.06.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 5 маусым күні кітапхананың оқу залында«Табиғат тағдыры-адамзат тағдыры»атты бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған викториналық сұрақ – жауап кеші өтті. Мақсаты:туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0URoqSjfCwz8eDD5TGuqzuQEKL6KqoJjDmNPTR1fQUXKLqmxQmQCLs2aiJCkJMGphl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWfQz6JEIhXS1-sp_O-7RMyP8EPUOEisLPdkutaOznfyIdcLcifd2a2lBc0wdywPqfCp_kwmAhxUn-RakES4qmEnmbNkdSx9JcUWTk0n4-c4w&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жан жылуын сыйлайық"

Дата: 05.06.2023 Категория: Новости Просмотры: 34
Қалалық орталық балалар кітапханасында 2023 жылдың маусым айының 5- жұлдызында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Жан жылуын сыйлайық" атты үйге кітап жеткізу ұйымдастырылды. Кітапханашы Л. Дайрабаева Хапезова Айгерімнің сұранысы бойынша үйіне түрлі-түсті қызықты кітаптар мен журналдар апарып берді.

«Мемлекеттік рәміздер - ел мәртебесі»

Дата: 02.06.2023 Категория: Новости Просмотры: 33
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай маусым айының 2 – жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Мемлекеттік рәміздер - ел мәртебесі» атты дөңгелек үстел өткізді.

"Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері"

Дата: 02.06.2023 Категория: Новости Просмотры: 25
2023 жылғы 2маусымдаЕңбек ауылдық №4 кітапхана филиалы"Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері"аттысаяси сағатты 4 сынып оқушылары арасында өткізді.Мақсаты:Балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру. Оның табиғатына, салт-дәстүріне, ұлттық мұраларына деген қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын байыту, тіл байлығын дамыту. Қазақстан рәміздері туралы түсініктерін кеңіте отырып, оны құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

"Рәміздер-ел беделі" кітап көрмесі

Дата: 02.06.2023 Категория: Новости Просмотры: 78
2023 жылдың 02 маусым күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапханаға келген оқырмандарға 4-маусым Рәміздер күніне орай «Рәміздер-ел беделі» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты: оқырмандардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Көрмеге Е.Шаймерденовтің «Елтаным», А.Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», С.Трофимованың «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері» атты кітаптары қойылып, кітапхана қызметкері А.Адамова көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ