Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Астана - ұлтымыздың рухани ордасы"

Дата: 05.07.2023 Категория: Новости Просмотры: 34
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 5 шілде күні «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты әңгіме сағаты өтті. Мақсаты: әсем қаламыз Астана туралы мәлімет беріп, Отанын сүюге, ел тарихын білуге баулу.

"Құттықтаймыз-Ақ орда-Астанам"

Дата: 05.07.2023 Категория: Новости Просмотры: 37
2023 жылдың 5 шілде күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының қызметкерлері 6 шілде Астана күніне орай кітапханаға жақын ықшам аудандарға барып, «Құттықтаймыз, Ақ орда-Астанам!» атты кітап көрмесін таныстырды. Мақсаты: оқырмандарды Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу. Көрмеге А. Мұқибекұлының «Ұлылық пен мәңгілік», Қ.Олжайдың «Президент пырағы», Р.Ниязбектің «Айбозым менің», «Астана 20 жылдық шежіресі», Астананың 20 жылдығына 3 тілде шығарылған «Жан жүрегім Астана» атты фотоальбом кітаптары қойылды.

Ашық аспан астындағы кітапхана

Дата: 05.07.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
2023 жылдың 5 шілде күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында ауыл тұрғындарына кітапхананы насихаттау мақсатында ашық аспан астындағы кітапхана ұйымдастырылды. Шара мақсаты: Бұл саялы ағаштардың аясында, таза ауада тұрғындарды кітап оқуға тартудың бір тәсілі. Жас ұрпақты кішкентайынан отансүйгіштікке, кітапқұмарлыққа баулуымыз қажет. Қатысқаны 25 адам https://scontent.fpwq4-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/358067039_1480915019336753_108939500VQA9Iy0jmLWsGXsNA&oe=64A9ADC1

Ел жүрегі – Елорда!

Дата: 05.07.2023 Категория: Новости Просмотры: 51
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі Астана күніне орай 2023 жылдың шілде айының 5-ші жұлдызында «Ел жүрегі – Елорда!» атты кітап көрмесіне шолу өткізді.Мақсаты: оқырмандарға әсем қаламыз Астана туралы мәлімет беріп, білімдерін тереңдету. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу.

"Домбыра - қазағымның қазынасы"

Дата: 30.06.2023 Категория: Новости Просмотры: 27
2023 жылдың маусым айының 30 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында домбыра күніне орай "Домбыра - қазағымның қазынасы" атты сторителлинг өтті.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ