Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Ғылым таппай мақтанба»

Дата: 10.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 200
10 тамыз-Абай күніне орай 2023 жылы 10 тамыз күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Қасымхан Ақнұр ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін жатқа мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Абай шығармаларын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармаларын танып өсуге тәрбиелеу.https://www.instagram.com/reel/Cvv9BlPtHIh/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

«Сараның сара жолы»

Дата: 10.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 24
2023 жылдың 10 тамызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Жетісудың бұлбылы, айтыскер ақын, сазгер, халық ақыны, күйші, домбырашы Сара Тастанбекқызының туғанына 175 жыл толуына орай «Сараның сара жолы» атты буктрейлер өткізілді. Шара барысында өлкемізден шыққан ақын қыз туралы кітаптар, жалпы айтыс өнерін қамтитын шығармалар мен ақындардың айтыстары енгізілген шығармалар ұсынылды. Мақсаты: оқырмандарға Сара Тастанбекқызының өмір жолын, шығармашылығын таныстыру, оларға жақсылықты насихаттау, кітапханаға тарту және балаларды кітап оқуға баулу.

Ашық аспан астындағы кітапхана

Дата: 07.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 53
2023 жылдың 7 тамызында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында кітапхана оқырмандарымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай ашық аспан астындағы кітапхана ұйымдастырылды. Шара мақсаты: Кітапты кітапхананы насихаттау. Кітап оқу қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқырмандарды кітапханаға тұскен жаңа кітаптармен таныстыру. Шараға 24 оқырман қатысты

Буккроссинг

Дата: 03.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
Қалалық № 2 кітапхана филиалы 2023 жылдың тамыз айының 3-де Талдықорған қаласының орталық саябағында «Буккроссинг» акциясын ұйымдастырды. Буккроссингтің басты мақсаты: Кітаптарға «Екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында кітап алмастыру, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту. https://www.instagram.com/p/CveMvoJNKGz/?igshid=NzZhOTFlYzFmZQ==

«Абай Құнанбайұлы қарасөздеріне 125 жыл»

Дата: 02.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 63
2023 жылдың 2 тамызы күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрету бөлімінің оқу залында қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың қарасөздеріне 125 жыл толуына орай және «10 тамыз- Абай күніне» арналған «Абай Құнанбайұлы қарасөздеріне 125 жыл» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ