Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Парасат майданының батыры»

Дата: 15.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
2023 жылы 15 тамыз күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Парасат майданының батыры» атты әдеби караоке мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Жазушы Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы түсініктерін кеңейту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін ояту, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу. https://www.instagram.com/reel/Cv82GAjNiuo/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 14.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 36
Жастардың кітап оқу мәденитін көтеру мақсатында, «Кітапханаға кітап сыйла акциясы» аясында 14 тамыз күні Өтенай ауылдық кітапхана филиалының тұрақты оқырманы, ауыл тұрғыны Кәдірхан Орынгүл өзінің жеке кітапханасынан бірнеше әдебиеттерді кітапхана қорына сыйға тартты.

"Әлемнің әміршісі- кітап"

Дата: 10.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
2023 жылдың тамыз айының 10-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқу залының оқырмандарымен "Әлемнің әміршісі- кітап" атты библиофреш өткізілді. Кітапханашы Л.Дайрабаева оқушыларды кітаптың түрлері, құрылымы, ерекшеліктері және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсінік беріп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Мақсаты: оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, олардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, білімге құштарлығын ояту, кітапты таза ұстауға, тазалыққа, мейірімділікке баулу.

"Спорт - әлем елшісі"

Дата: 10.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 35
2023 жылғы 9 тамызда Еңбек ауылдық кітапханасында№22 мектептің оқушылары арасында "Спорт - әлем елшісі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас бүлдіршіндерді жаман әдеттен аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді ғана бойына сіңіруге баулу.

"Ұлы халықтың - ұлы Абайы" атты кітап көрмесі

Дата: 10.08.2023 Категория: Новости Просмотры: 85
2023 жылдың 10 тамызда В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында 10 тамыз Абай күніне орай кітапхана оқырмандарымен «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: Қазақтың данышпан ақыны, шоқтығы биік тұлғасы, Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау. Өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын оқырмандарға жеткізу. Көрмеге: « Абайдың қара сөздері», «Хикмет кітабы», «Адам деген даңқым бар», «Өлең - сөздің патшасы», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...», Ж.Ысмағұлов «Даналық дәрістері», Н.Анастасьев «Абай» атты кітаптары қойылды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ