Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Тіл тұғыры-ұлт ғұмыры"

Дата: 05.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 25
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 5 қыркүйек тілдер мерекесіне орай «Тіл тұғыры-ұлт ғұмыры» атты білім сағаты кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты: жастарға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, туған тілге деген құрмет пен көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02TW23LHiSFw1sULoTYL2quTfuHu1nntr1zo8ZTMKi9ifSPjki5fL4UCqTz4xhcYJKl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZU4GXhLx8oMpCysFcn4qYFsNfWDNnajVvGhoUmrrEcmgJkbTFZKx03lRN11KDNtfzi7MVvAtzGiIfYkBD7XOoi99PJsnt7DX2iqv0VGYUCA3jprHpUHGmWuTyTu5pIX6EI_BLo4Qw969RIMWKXwJZyu7J_YAqMUXiWqVATqQNbFpQ&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жалпықазақстандық диктант"

Дата: 05.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 34
2023 жылдың 5 қыркүйегінде В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана қызметкерлерінің қатысуыменен қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды.

Бір ел – бір кітап

Дата: 04.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 40
«Бір ел – бір кітап 2023» Республикалық акциясы аясында белгілі жазушы драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары таңдалды. Осыған орай қыркүйек айының 4 жұлдызында қалалық № 2 кітапхана филиалы тұрақты оқырмандарымен «Парасатты проза авторы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу, жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармаларын, рухани мұрасын насихаттау және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Дата: 04.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
2023 жылы қыркүйек айының 4 – ші жұлдызы күні «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалының тұрақты оқырманы Демидова Нұрғайша Рахымбайқызы өз үйінің жеке кітапханасынан орыс тілінде жазылған көркем әдеби және жаратылыстану саласы бойынша кітаптарын сыйға тарту етті. Мақсаты: Кітапхананың тұрақты оқырмандары өздері оқыған кітаптарды кітапханаға сыйға тарта отырып, басқа оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда, яғни оқырман мен кітапхана арасын нығайту. 1. Сабатини Р. «Удачи капитана Блада». 2. Кронин А. «Цитадель». 3. Остен Дж. «Собрание сочинений» Т.1. 4. Акимушкин И. «Невидемые нити природы».

Сыңғырла, күміс қоңырау

Дата: 01.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 28
2023 жылы қыркүйек айының 1- ші жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы 1- қыркүйек - білім күніне орай №27 орта мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары арасында «Сыңғырла, күміс қоңырау» - атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: 1 -қыркүйек білім күні дәстүрлі мерекеміз туралы мағлұмат бере отырып, жасөспірімдерді мерекелерімен құттықтап, сапалы білім, саналы тәртіп алуларына тілек білдіру, білім күні туралы жасөспірімдердің білімін толықтыру, жасөспірімдерді тапқырлыққа, шапшаңдылыққа баулу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02RPvGkJ5oJSHbayzqVmgmpoYD2wJy83WXfmQ8gnBtxDshjjscvh5bcCCyyLnUCFsXl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWQj1fMBq99TdE7-ygIao3wYP7kgyDP4KGwXMTk4kgyERqsBoEtxUpYDZUYRQ_EGhd7jf1K7zyFtHUUUNg0FO0m5oAVa5rjkf5v6gjExGmnZBcdY5egRx_Fuf7yjouitlB9u6LhzqN7FxZ_IKzzguZkcNp2QbPQc2f-6yYLrQbX0w&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ