Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында жазушы Т.Әбдіктің шығармаларына кітап көрмесі

Дата: 13.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 26
2023 жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, қазақ жазушысы , драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай – ақ жастарға рухани адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Отбасы бірлігі - Отанның бірлігі

Дата: 12.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 36
Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасыдан алған үлгіге байланысты. Осыған орай қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2023 жылдың қыркүйек айының 12-ші жұлдызында отбасы күніне орай «Отбасы бірлігі – Отанның бірлігі » атты отбасылық кітап көрмесіне шолу өткізілді. . Шара барысында кітапханашы Л.Дайрабаева кітап көрмесіндегі жаңа әдебиеттерімен қатар «Бүгінгі жастарға оқу керек кітаптар» айдарындағы шығармалармен таныстырып, балаларға оқуға ұсынды. Мақсаты: қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларды саралап, бала бойында адамгершілік, имандылықты қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметттік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

"Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы" мектеп оқушыларымен әңгіме сағаты

Дата: 12.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
2023 жылдың қыркүйек айының 12 күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында, мектеп оқушыларымен, отбасы күніне орай «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» атты әңгіме сағаты өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу

Отбасы- өмір аясы

Дата: 12.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 38
2023 жылы қыркүйектің 12 жұлдызында Отбасы күніне орай оқырмандармен «Отбасы- өмір аясы» атты строителлинг өткізілді. Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясын бағалауға құрметтеуге тәрбиелеу. Шараға 22 оқырман қатысты

"Кітап фест-2023" кітап фестивалі

Дата: 12.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 41
Құрметті кітап сүйер қауым! ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қыркүйек күні, сағ. 14.00 де В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді. Баршаңызды Кітап мерекесіне құрметпен шақырамыз!
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ