"Кітап тайм - 2023" жалпы республикалық кітап фестиваль
Дата: 15.09.2023
Категория: Новости
Просмотры: 104
2023 жылдың 15 қыркүйек күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Кітап тайм-2023» жалпы республикалық кітап фестивалі өткізілді. Шараға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері төс белгісінің және Талдықорған қаласының «Құрметті» азаматы Кендебай Темірбайұлы, кино және театр актрисасы, Қазақ КСР Халық артисі, Алматы облысының Құрметті азаматы, Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының жоғарғы санаттағы артисі, "Құрмет" орденінің иегері Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Сайлау Қожағұлов, жас ақын Азамат Нұрмұқан, Талдықорған қаласының №16 орта мектептің 8 сынып оқушылары, Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық “Жас актер” ұжымы және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітап фестивалінде қатысушыларға қызыққа толы бағд...