Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Егемен газетіне 105 жыл»

Дата: 18.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 25
2024 жылғы 18 желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасында №8 орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Егемен газетіне 105 жыл» библиографиялық сабақ өтті. Шара мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру. Білім деңгейлерін оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы көтеру.

"Елім менің аңсаған..." ертеңгілік

Дата: 13.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 17
2024 жылдың 13 желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Тәуелсіздік күніне орай «Елім менің аңсаған .....» атты ертеңгілік ұйымдастырды.

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» патриоттық кеш

Дата: 13.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 21
2024 жылғы 13 желтоқсанында қалалық № 2 кітапхана филиалы Тәуелсіздік күні қарсаңында М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп – лицейінің 5 «б» сынып оқушыларымен «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты патриоттық кеш ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтарымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету. Жастардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отаның қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/p/uA6cfEtMAdyWr1sN/ https://www.instagram.com/p/DDhEFHIIra5/?igsh=MW5vYzRlbjIzb2p3dA== https://vk.com/wall452366377_3624

«Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» тарихи сағат

Дата: 13.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 26
2024 жылдың 12 желтоқсан күні қалалық орталық кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік құру және мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы туралы білімді қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, туған елдің тарихына қызығушылықты арттыру. Аталмыш шараға ғылым кандидаты, инженер-конструктор, Ақсу ауданының құрметті азаматы, Жетісу облысы қоғамдық палатасының төрағасы, жауынгерлік самбодан спорт шебері Нұрлан Құдайбергенұлы Айшымбаев және Талдықорған қаласының аграрлық-технологиялық колледждің студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Мерекелік іс-шара «Талдықорған әуендері» ансамблінің әншісі Гүлім Қуатбектің ән шашуымен басталып, шараның алғашқы сөз кезегін алған кітапхана директоры Күлпан Сейтжанова құттықтау сөз сөйледі. Ары қарай шара қонағы Нұрлан Құдайбергенұлы...

"Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік"

Дата: 12.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 12
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 12желтоқсан күні 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған "Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік" атты ерлік сағат өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ