"Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария" ақпарат сағаты
Дата: 02.10.2023
Категория: Новости
Просмотры: 59
Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. Біздің мемлекетіміз қарттарды қатты құрметтейді. Оларға үлкен құрмет көрсетіп, жан-жақты қамқор болады. Осы орайда, 2023 жылдың 01 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында кітапхана оқырмандарымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: қарттарымызға көңіл бөлу, оларды қуанышқа бөлеу. Жақсы тілектер тілеу. Шараға 18 адам қатысты.