«Төрлет, Құтты Жаңа жыл!» атты ертеңгілік.
Дата: 27.12.2024
Категория: Новости
Просмотры: 24
2024 жылғы 27 желтоқсан күні № 8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, Құтты Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша балалар арасында өткізілді. Балалар жаңа жылдық шыршаны айналып, өлеңдер айтып, би биледі. Аяз ата мен ақша қарды шақырып, Аяз атаға өздері дайындаған тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ойнады. Аяз ата өнерлерін көрсеткен балаларға сыйлықтарын берді. Шыршаға қатысушылар шырша жанында естелікке суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтарын алып мәз-мейрам болып, үйлеріне тарқасты.