"Батырлар жыры-асыл мұра" атты кітап көрме
Дата: 18.10.2023
Категория: Новости
Просмотры: 50
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларды елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Осы орайда, 2023 жылдың 18 қазанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында № 12 орта мектептің 5 сынып оқушыларымен «Батырлар жыры - асыл мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту, оларды ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау. Жас ұрпақтың танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.