Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Мәңгілік ел тірегі - Тәуелсіз Қазақстан!»

Дата: 15.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 16
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2025 жылдың 15 қаңтарында «Мәңгілік ел тірегі - Тәуелсіз Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: өскелең ұрпаққа ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіру.

"Айбынды Ата Заңға - 30 жыл"

Дата: 15.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 15
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай "Айбынды Ата Заңға - 30 жыл" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді. Кітап көрмесіне ғылыми басылымдар, тарихи деректер, конституциялық заңдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы туралы қазақстандық ғалымдардың еңбектері ұсынылған.

"Мерейтой иелері"

Дата: 15.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 14
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 15 қаңтар күні «Мерейтой иелері» атты тұрақты кітап көрмесі жасақталып, көпшілік оқырман қауымға ұсынылды. Кітап көрмесіне 2025 жылғы мерейтойлық ақын, жазушылардың әдебиеттері қойылды. Кітап көрмесіне «Абай шығармалары», «Абайтану», «Абайдың ақындық дәстүрі», «Абай әлемі» сериясы деп аталатын бөлімдерге Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған еңбектері, Абайдың ақын шәкірттері, ұлы тұлғалармен шығармашылығының сабақтастығы туралы, Сәбит Мұқановтың «Таңдамалы шығармалары», «Адасқанлдар», «Көп томдық шығармалар жинағының бірінші томы. Өмір мектебі», «Алтын аймақ» атты шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер», «Қаһарман», «Ұшқан ұя», «Қойын дәптер құпиялары. Ноқтаға басы сыймаған» атты шығармалары, Ілияс Есе...

"Мәңгілік ел тірегі - Тәуелсіз Қазақстан"

Дата: 15.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 11
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 15 қаңтарында "Мәңгілік ел тірегі - Тәуелсіз Қазақстан" атты кең көлемді тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ежелден еркіндікті аңсаған, еліміздің тарихын баяндайтын қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейін еліне қорған болған хандар мен батырлардың өмірі және алаш қайраткерлерінің саяси күресін баяндайтын еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындылары қойылды. Бұл көрмелер жыл бойы тұратын болғандықтан жылдың аяғына дейін кітапханаға келген оқырмандарға мәліметтер беріліп тұрады.

"Майлықтан лотос гүлін жасау"

Дата: 13.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 20
2025 жылғы 13 қаңтар күні қалалық орталық балалар кітапханасында Шебер қолдар үйірмесінің қатысушылары №2 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен түрлі түсті майлықтардан “Лотос гүлін жасау” сабағы өтті. Мақсаты: Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ