Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Өткені ерен, келешегі кенен Еркін» атты кітабының тұсаукесері

Дата: 21.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 38
2023 жыл 21 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының іргшесінде орналасқан Еркін ауылының өткен тарихы мен Мырза елінің мақтан тұтар азаматтарының игілікті өмірі және Есберлі ұрпақтары қоныстанған жерлердегі тарихи ескерткіштер, тағылымды тағдырлар, Еркін ауылының құрылу кезеңдері, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың еңбектері толық сипатталған ақын, журналист, жазушы, тарихшы, өлкетанушы, ғылым магистрі Қажет Андастың «Өткені ерен, келешегі кенен Еркін» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тортай Ізбасқанов, Мырза атаның қадірменді ақсақалы Арыстанбек Бибатыров пен Еркін ауылының зиялы қауымы қатысты. Шара соңында автор кітапханаға кітаптарын сыйға тартты.

«Газеттен сәндік бұйым жасау»

Дата: 21.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 48
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2023 жылдың 21 қарашасында «Зерде» клубында «Газеттен сәндік бұйым жасау» атты клуб отырысы өткізілді. Отырыста қағазбен жұмыс жасалынды. Мақсаты: Қағаздың шығу тарихынан түсінік беру. Бұйым жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, шеберлік дағды қалыптастыру.

Бір ел - бір кітап

Дата: 21.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
2023 жылдың 21 қарашасында № 8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Бір ел - бір кітап» республикалық акция аясында қазақ жазушысы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған библиографиялық шолу өткізіліді. Мақсаты: оқырмандарға қаламгеріміздің үздік туындыларын насихаттау, адамгершілік тәрбие беру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0ahuCMzhFdPmZoZRF93DmtoMwCLLXBLh8WjG1CKXFvyqhDEaWHYFDku5eq936ouDel&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVtu7IEVM1DFO4Acspd7pRY0Yij9GBUgR1uW-nepbPCfn3BLNOTgClFW80xHlF1Hv8v8lB-zQW_LLjh90s1-0R1z5svtM4Yw9bUoX_gXbKVvWKZcgrNlACM74FUp5I5LI3MVkJPW5LC4xHNPzKOgW_Lo8xAdIh5p7vb9t6trR5z_w&__tn__=%2CO%2CP-R

«Қазақстан-спортшылар елі» кітап көрмесі

Дата: 21.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 41
2023 жылдың 21 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақстан-спортшылар елі» атты кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқушыларға спортшылар туралы мағлұмат беру, белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Көрмеге: «Қазақ балуандары», «Спорт - ғұмыр», «Қазақстан-спортшылар елі», «Александр Винокуров: Олимпийский путь», Ғалым Сүлейменнің «Бақтияр» атты кітаптары қойылды. Көрмемен кітапханашы Ф.Жакупова таныстырды.

«Салауатты өмір – жарқын болашақ»

Дата: 20.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 44
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2023 жылғы 20 қарашада «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты блиц-турнир №22 орта мектептің медбикесі Амалбекова Дариға Айтқожақызымен бірлесіп, 7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру,салауаттылыққа дағдыландыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ