«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты сұрақ - жауап ойыны
Дата: 25.12.2023
Категория: Новости
Просмотры: 32
2023 жылдың 12 желтоқсан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында 25 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Масат» клуб мүшелерінің қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты сұрақ - жауап ойыны өткізілді. Кештің мақсаты: оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру. Тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау, елін, жерін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.