Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Сәкен Иманасов "Ғашықпын саған"

Дата: 16.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
Ғашықпын саған [Мәтін] : өлеңдер мен поэма / Иманасов, Сәкен . – Алматы : Жазушы, 1981. - 263 б.

«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Дата: 16.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 16қаңтарында «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

«Жемқорлық туралы не білемін» атты диспут

Дата: 16.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
2024 жылдың 16 қаңтарында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында №12 мектептің 7 сынып оқушыларымен «Жемқорлық туралы не білемін» атты диспут өткізілді. Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру. Шара барысында кітапханашы А.Адамова оқырмандарға Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтып өтті. Шараға 24 оқушы қатысты.

Асыл мұра

Дата: 16.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
2024 жылдың 16 қаңтарында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай № 11 мектептің оқушыларымен «Асыл мұра» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, Суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру. Шараға 25 адам қатысты.

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ақпарат сағаты

Дата: 16.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 18
2024 жылдың 17 қаңтарында Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында Қазақстан – 2050 стратегиясы тақырыбында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Оқырмандарға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ