Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Ертегіші" клубы

Дата: 18.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 34
2024 жылдың 18 қантарында орталық қалалық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ертегіші» клубының бірінші отырысы ұйымдастырылды. Мақсаты:Балалардың оқу қызығушылығын дамыту. Оларды клуб жұмысына тарту арқылы кітапқа деген сүйспеншілігін ояту.

«Балалардың кітап әлемі»

Дата: 17.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 17 қаңтарында «Балалардың кітап әлемі» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Кітапханаөмірімен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген ынталарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету,оқушылардың түрлі кітаптарды оқуларына ұйытқы болу. Кітап көрмесі төрт бөлімнен жасақталды. «Балаларға базарлық» бөліміне балалар ақын-жазушыларының шығармалары, «Жануарлар туралы ертегілері» бөліміне жануарлар туралы ертегі кітаптары, «Әлем халықтарының ертегілері» бөліміне балаларға арналған әлем жазушыларының ертегі кітаптары, «Қиял ғажайып ертегілері» бөліміне сөйлейтін кітаптар қойылды. Кітап көрмесі барысында ертегші-жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің өмірі мен шығармалары таныстырылып, кітаптың шығу тарихы, кітап оқудың маңызы туралы айтылды.

«Жыр жұлдыздары» клубының кезекті отырысы

Дата: 17.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың 9 қаңтар күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Жыр жұлдыздары» клубының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Мақсаты: үйірме жоспарын құру және оны талқылау, жас таланттар мен дарынды жастарды анықтау. Олардың шабытын шабыттандырып және кітап оқуға ынталандыру. Осы отырысқа «Жыр жұлдыздары» атты жас өспірімдерге арналған поэзиялық клубының мүшелері қатысты. Клубтың төрайымы Каттебай Нұрбол өзгерту керек жаңадан сайланды. Алға қойған жоспарды орындау үшін клуб мүшелеріне тапсырмалар берілді. Сондай - ақ басқа да мәселелер айтылып, клубқа жаңа жалындаған поэзияны сүйетін жаңадан келген балалармен танысып, тағыда жас өспірімдерді көбірек тарту туралы ұсыныстар айтылды. Клуб мүшелері: Сейтжан Өркен, Алиев Бақдәулет, Садықова Еркеназ, Қали Жасмин сөз сөйлеп, клуб жұмыстарына белсене қатынасатындарын айтып, отырысты керемет көңіл күймен аяқтады.

Тәуелсіздігіміздің құндылықтары -рәміздер

Дата: 17.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 54
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 17 қаңтар күні «Тәуелсіздігіміздің құндылықтары-рәміздер» атты ақпарат сағаты кітапхана оқырмандары арасында өтті. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі екендігін насихаттау. Мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірін асқақтату.

Белжайлау

Дата: 17.01.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
Белжайлау / Дәуренбеков, Әбен ... – Талдықорған : [б. ж.], 2009. - 207 б. - Облыс әкімі Серік Үмбетовтің қолдауымен . . – 978-601-7105-19-8
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ