"Парақ тайм-2024" кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты
Дата: 07.02.2024
Категория: Новости
Просмотры: 51
2024 жылғы 7 ақпан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Шара Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі сырнайшыларының «Ауылдағы той» атты әнімен ашылды. Жәрмеңке рәсіміне Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Ә.Алинов қатысып, қала тұрғындарының оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды. Қонаевтанушы, филолог, профессор, Қонаев музейінің меңгерушісі Х.Есдәулетова және «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын Мұхтар Күмісбек, ақын Азамат Нұрмұқан, Еркін ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Ізбасаров жәрмеңке қонақтары мен кітап жанашырларына жылы лебіздерін білдіріп, кітапхана қорына кітаптарын сыйға тартты. Кітап жәрмеңкесіне «Атамұра», «Асыл қ...