Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

И.Сапарбай. "Әлем, әйел және мен" атты кітабы

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 38
Сапарбай, И. Әлем, әйел және мен / И. Сапарбай; сурет. Қ. Әділғазин. – Алматы: Ан Арыс, 2022. – 384 б. Соңғы жылдары әдебиеттің бірнеше жанрында (поэзия, драма, ән мәтіндері, аударма, публицистика) өндіре қалам тартып жүрген автордың біз ауызға алып отырған жаңа жыр жинағы жайдан-жай «Әлем, Әйел және Мен» аталмапты: көлемі де, өлеңі де таразы басын тең ұстап тұр. Ең бастысы, мұнда өрелі өлең де, толымды толғау да, кең кұлашты поэма да бар. Аралыктағы топтамалар да өз орын, қисынымен тұтас жинактың әрін кіргізіп, әрі қарай назарынды аудара түседі. Аракідік күнделікті баспасөз беттерінде жарияланған бірер топтамалары болмаса, бәрі жаңа, соңғы жылдары жазылған тың дүниелер. Ақынның басты кредосы — өзі таңдап, өзі қалыптастырған таза да тағдырды табиғатынан айнымау. Әрине, ол — баршамызға етене таныс жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін нәзік те көркем лирикалық назым, нақыштар. Оған эмоциялық көңіл-күймен қоса ішкі серпін, өршіл мінезді қосыңыз&hel...

"Үш жүздің шешіресі" атты кітабы

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 49
Қазақ халқы Ұлы, Орта, Кіші жүзден құралады. Ел ішінде Үш жүз ұғымының қайдан шыққаны туралы нақты дерек жоқ. Кейбірі тарихи еңбектердегі мәліметке сүйенсе, енді бірі аңызға негізделген.

Файзолла, А. Жүрек - аспанымның жұлдызы: өлеңдер, балладалар, аудармалар

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
Файзолла, А. Жүрек - аспанымның жұлдызы: өлеңдер, балладалар, аудармалар / А. Файзолла. – Алматы : Дәуір, 2022. – 144 б Автор бұл жыр кітабында өзіндік қолтаңбасымен танылады. Өлеңдерінде, балладаларында, аудаармаларында қандай тақырыпты көтерсе дн сол мәселенің түп-тамарына барынша баруға, маңыздылығын мейлінше жан-жақты ашып көрсетуге бар болмысымен ұмтылады. Автордың осындай ізденімпаздығы оқырманның жан сарайын сүйсінтіп, кітаптың құндылығын арттыра түседі. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Ж.Шағатайдың "Бірінші сыныптың баласы" атты шығармасы

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 65
Бірінші сыныптың баласы [Мәтін] : [хикаяттар, әңгімелер] / Ж. Шағатай ... – Алматы : Балалар әдебиетi, 2023. - 237, [1] б. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді . . – 3000+150 дана – ISBN 978-601-252-154-2 (мұқ.) : 1740 тг.

Шаймерденұлы, Е. Елтаным: тарихи-философиялық рәмізбаян.

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 48
Шаймерденұлы, Е. Елтаным: тарихи-философиялық рәмізбаян / Е. Шаймерденұлы. – Алматы: Алматы - Болашақ, 2022. – 320 б. Ел –ұлттық дүниетанымымыздағы ұлы ұғымдардың бірі. Арғықазақ сөзінен бастап күні бүгінге шейін еш өзгеріссіз қауым,қағанат, ел-жұрт,Отан,мемлекет мағынасында қолданылып келеді. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді рухани құндылықтардың өзегі де-осы сөз, осы ұгым. Кітапт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы жанжақты ғылыми-көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятуға бағытталған. Тілі-шұрайлы, ділі- таза, діңі – мықты. Елдігімізге қатысты кең мағлұмат беретін терең интеллектуалдық еңбек деп бағалауға лайық тунды. Жүрек қайнарында суғарылған сөзім сөзі ретінде ажарлы hәм әсерлі.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ