"Ұрпаққа мирас - ұлттық дәстүр"
Ұлттық дәстүр-халықтың рухани қазынасы, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтының, әдет-ғұрыптарының, салт-санасының көрнісі. Әр-бір ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп елжандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Өтенай ауылдық №5 кітапханасында 16 наурыз күні «Ұрпаққа мирас- ұлттық дәстүр» атты кітап көрмесі безендірілді.
Бұл көрме арқылы оқырмандар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет -ғұрыптарымен, ұлттық өнерімен, рухани мұрасымен танысты. Библиографиялық шолумен оқырмандарды кітапханашы Г.Сейлханова таныстырды.