Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Ұлыстың ұлы күні" әдеби сағат

Дата: 20.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 19
2025 жылғы 19 наурыз күні қалалық орталық кітапханасында №16 мектеп гимназиясының 8 Ә сынып оқушыларының қатысуымен 22 наурыз Наурыз мерекесіне орай «Ұлыстың ұлы күні» атты әдеби квилт өткізілді. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Шара барысында:Балаларға ұлттық салт-дәстүрлер туралы, яғни Тұсаукесер, Бесікке салу және т.б дәстүрлерді тереңінен ашып видеослайд арқылы көрсетілді. Арқантартыс, асық ату, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар туралы түсінік берілді. Шараға 25 оқырман қатысты.

"Шуағын шашқан-Наурыз"

Дата: 20.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 25
2025 жылғы 20 наурыз күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №18 орта мектептің 8 сынып оқушыларымен «Шуағын шашқан - Наурыз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Кітапханашы Қ. Баримбекова оқушыларға Наурыз мейрамының тарихы туралы айтып, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, шара аясында қазақтың ұлттық тағамдары қойылып, шашу шашылды. Өнерлі оқырмандар Наурыз мейрамына арналған әннен шашу шашып, би билеп, дара домбырамен күмбірлете күй тартты. Шараға 50 оқырман қатысты.

"Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні"

Дата: 19.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 5
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 19 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні» атты әдеби кеш кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Кітапханаға кітап сыйла

Дата: 18.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 22
2025 жылғы 18 наурызында қалалық орталық балалар кітапханасына «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында қалалық орталық балалар кітапханасының тұрақты оқырманының әкесі Зенков А.Ю. кітапхана қорына көркем әдебиет және т.б. жанырындағы 143 кітаптарды сыйға тартты. 1. Э.Золя — Западня. Рассказы 2. Н.Душкин — Тревожная память роман –трилогия 3. А.Н.Кун — Легенды и мифы Древней Греции 4. И.Есенберлин — Золотая Орда 5. Б.Прус — Кукла. Роман

"Киелі кимешек" танымдық сағат

Дата: 18.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 19
2025 жылғы 18 наурыз күні қалалық орталық кітапханада №16 мектептің 8 «Ә» сынып оқушылары қатысуымен «Киелі кимешек» атты танымдық сағаты өтті. Шара барысында кимешектің тарихы айтылып, ұлттық киімдер туралы викториналық ойындар ойнатылды. Қорытындылай келе, «Ақ кимешек» атты кітап көрмесінде кітаптар таныстырылды. Мақсаты: ата-баба дәстүрін кеңінен насихаттау арқылы жастарды төл киімді бағалауға , ұлттық мұраны сақтауға үндеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ