Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Айдабосын Е."Қызыл сақа"

Дата: 01.03.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
Айдабосын Е."Қызыл сақа"

«Алғыс айту – ең асыл сөз» атты ақпарат сағаты

Дата: 01.03.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
1 наурыз Алғыс айту күніне орай қалалық орталық кітапханасында №12 мектептің 5 сынып оқушыларымен «Алғыс айту – ең асыл сөз» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.Балалар осы мерекенің тарихы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы көптеген жаңа және қызықты мағлұматтармен танысып, «Алғыс айту күні» атты бейне-ролик тамашалады. Балалар өздеріне ұсынылған шығармашылық тапсырмаға белсене араласып, жүрекшелердің ішіне жақсылыққа лайық адамдарға алғыс сөздерін жазды. Шара соңында жақсы көңіл күйде ұялы телефонмен ата-анасы мен жақындарына алғыс айтты. Шара көңілді де қызықты өтті.

«Алғыс айту – ардың ісі» тәрбие сағаты

Дата: 01.03.2024 Категория: Новости Просмотры: 33
2024 жылдың 1 наурызында "Алғыс айту күніне" орай қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Алғыс айту – ардың ісі» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Л.Дайрабаева оқырмандарға мерекенің мәні мен мағынасын түсіндіріп, кімге не үшін алғыс айту керек екенін баяндады. Мақсаты: оқырмандардың арасында мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін қалыптастырып, оларды жанашырлыққа, достыққа тәрбиелеу.

"Алғысым шексіз"

Дата: 01.03.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
2024 жылдың 1 наурыз күні «Алғыс айту күніне» орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында «Алғысым шексіз» атты библиошар кітапхананың жас оқырмандарымен өтті. Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін.

«Ақ халатты абзал жанға мың алғыс»

Дата: 29.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 27
"1-Наурыз Алғыс айту күніне" орай 2024 жылдың 29 ақпанында Еңбек ауылдық № 4 кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақ халатты абзал жанға мың алғыс» атты кездесу кеші Еңбек дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлерімен өткізілді. Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары. Адам өмірін құтқарып, екінші өмір сыйлап жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі жоғары, өлшеусіз. Дертімізге шипа, жанымызға қуат берген медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ