Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Кітапханаға саяхат

Дата: 06.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 19
2025 жылғы 6 ақпан күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Кітапханаға саяхат» атты экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітаппен достастыру.

«Әлемдік ойдың алыбы» тарихи круиз

Дата: 06.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 20
2025 жылғы қалалық орталық кітапханасында 6 қаңтар күні Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы атанған ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына биыл 1155 жыл толуына орай «Әлемдік ойдың алыбы» атты тарихи круиз өткізілді. Мақсаты:Оқырмандарға халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу насыр Әл-Фараби мұраларымен таныстырып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке баулу. Шараға №12 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға ғұлама ғалымның өмірі, еңбек жолы туралы түсінік берілді. Әл-Фараби туралы жазған ғалымдардың зерттеулерімен таныстырып, оның жан-жақты ерекше тұлға болғандығы жайлы айтылды. Шараға 19 адам қатысты.

«Кітап оқу техникасы» акциясы

Дата: 06.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 18
2025 жылғы 6 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында«Кітап оқу техникасы»акциясы аясында №16 мектептің 4 «Ә» сынып оқушыларымен«Кітапқа құмар оқырман»атты шығарма кейіпкерлерін сомдап оқу шарасы ұйымдастырылды.Мақсаты:оқырмандардың оқыған шығармаларының кейіпкерлерін сомдау арқылы оқу мәдениетін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру. Шара барысында оқушыларға қазақ ертегілерінің көркем безендірілген«Жан жануарлар әлемі»атты жинағы оқуға ұсынылды.Шараға 18 оқушы қатысты.

«Өмірі мен шығармашылықтың шежіресі» кітап көрмесі

Дата: 06.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 20
2025жылғы 5ақпан күні қалалық орталық кітапханасының оқу залында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовқа арналған «Өмірі мен шығармашылықтың шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат»,«Көкек айы», «Көп томдық шығармалар жинағы», «Ақбоз ат»,«Көкек айы», мен Ж.Нәжімеденовтің «Көп томдық шығармалар жинағы», «Аспан шақырады» кітаптары қойылып, библиографиялық шолу өткізілді. Кітап көрмесімен №12, №16 мектеп оқушылары танысты. Мақсаты: Оқушыларға жазушылардың шығармаларын насихаттау. Отанды сүюге, кітап оқуға және құрметтеуге тәрбиелеу. Шараға 20 адам қатысты.

«Тарих ғылымының классигі» портреттік кеш

Дата: 06.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 17
2025 жылғы қалалық орталық кітапханасында 5 ақпан күні «Кино қиылысында» жобасы аясында жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай №16 орта мектептің 9 сынып оқушылары арасында «Тарих ғылымының классигі» атты портреттік кеш ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығы мен таныстырып, ұлттық мәдениет үшін оның шығармашылығының маңызы туралы әңгімеледі. Шара соңында оқырмандар Ілияс Есенберлиннің тарихи романдары «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» шығармалары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар алты томдық трилогиясы «Көшпенділер» кітабының желісі бойынша 2005 жылы түсірілген «Көшпенділер» фильмы көрсетілді. Мақсаты: Оқырмандарға жазушының шығармаларын насихаттап, кітаптарына қызығушылық танытып, оқуларына ықпал ету. Шараға 24 адам қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ