Знаменательные даты

< Июнь / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Қызықты балалар энциклопедиялары» атты библиографиялық сабақ

Дата: 11.06.2025 Категория: Новости Просмотры: 9
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 11 маусым күні «Қызықты балалар энциклопедиялары» атты библиографиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: Балаларды энциклопедия ұғымымен, оның түрлерімен таныстыру, энциклопедияларды тиімді пайдалануды үйрету, оқуға деген қызығушылықты ояту және ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін арттыру. Шараға 18 оқырман қатысты.

«Сыбайлас жемқорлық» таным сағаты

Дата: 11.06.2025 Категория: Новости Просмотры: 81
2025 жылғы 11 маусымында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында индустриялық колледж студенттерімен «Сыбайлас жемқорлық» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты; “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Шараға 25 бала қатысты https://scontent.fala2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/504428046_1944775059617411_4976172677395903989_n.jpg?_nc_cat=101&ccb=1-7&_nc_sid=127cfc&_nc_eui2=AeGL5H61IM19J1_2yBAT1Y0bwU3P-ZshtF_BTc_5myG0X9A1IhED263KWflUNJNOZ70YAgetq0NMaGmK3cs7mLT3&_nc_ohc=PqWLVkarChoQ7kNvwH1Tebh&_nc_oc=AdkQ4EPTGonYB_CFUCjJKNe7LLElTLVFvht94u4qQ-Bz-1B4smMbSUjezPQhrLPiQkzM7tB5Sgx_xxBBz_K-rPNo&_nc_zt=23&_nc_ht=scontent.fala2-1.fna&_nc_gid=Z-mhrlhXWEUlU5VQYAkvrw&oh=00_AfM8WNYA8icDe7HQI_...

Балалар-біздің болашағымыз

Дата: 11.06.2025 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 4
Жұмаділқызы,К.Балалар-біздің болашағымыз.[Мәтін]./ К.Жұмаділқызы//Алатау.-6-маусым 2025.-№22 (1233).-Б.13.

Әке шаңырақтың тірегі

Дата: 10.06.2025 Категория: Новости Просмотры: 24
Маусымның үшінші жексенбісі – әкелер күніне орай 2025 жылғы 10 маусым күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 5 сынып оқушыларымен «Әке шаңырақтың тірегі» атты сұхбат өткізілді. Мақсаты: Жан-ұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту. Шара барысында бөлім меңгерушісі Т. Құрманғалиева оқушыларға әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы екенін айтты. Шара соңында оқушылар әке туралы өлеңдерін оқыды. Шараға 28 оқырман қатысты.

Біз терроризмге қарсымыз!

Дата: 10.06.2025 Категория: Новости Просмотры: 25
2025 жылғы 10 маусым күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде бөлім меңгерушісі Т.Құрманғалиева №2 орта мектептің 5 «Б» сынып оқушыларына терроризм жаһандық проблема ретінде түсінік бере отырып, «Алматы облысының дін істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің «Біз терроризмге қарсымыз!» атты видео ролигін көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Шараға 29 оқырман қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ