"Кітап керуені" жобасы аясында кітап сыйлау акциясы
Дата: 12.03.2024
Категория: Новости
Просмотры: 34
2024 жылғы 12 наурызда «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында салтанатты іс-шара өтті. Жоба аясында Кербұлақ аудандық кітапханасына облыс әкімінің қолдауымен шыққан жергілікті ақын-жазушылар, суретшілер мен композиторлар кітаптарының 100 данасы сыйға тартылады.
Мәдени іс-шараға облыстық "Jetisy" газеті редакторының орынбасары Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, жазушы, аудармашы Мәди Алжанбай, Көксу ауданының құрметті азаматы, жазушы Жұмабала Балақаранова, кітапхананың тұрақты оқырмандары, ардагерлер мен «Масат» поэзия клубының мүшелері қатысып, жергілікті ақындардың кітаптарына таныстырылым өткізіліп, өлеңдері оқылды.
Жетісу облысының әдеби- мәдени құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кітап керуені Кербұлақ аудандық кітапханасына сапарға шықты.
@marlen_kolbaev
@kuanyshsultanuly
@jetisu_a...