Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"басты байлық денсаулық" ақпарат сағаты

Дата: 10.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 19
2025жылғы 7 сәуір күні қалалық орталық кітапханасында 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Басты байлық-денсаулық» атты ақпарат сағаты өтті. Шара «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті. Шараның мақсаты: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру, тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Шара барысында Кітапханашы «Денсаулық - зор байлық» атты бейне слайдпен оқушыларды таныстырып, салауатты өмір салты, жеке бас гигиенасын сақтау, қоршаған ортаның тазалығы туралы және зиянды дағдыларға әуестенбеу жайында ақпарат берді.Оқушылар күнделікті күн тәртіптерімен бөлісіп, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтты. Шараға 21 оқушы қатысты.

«Дара тұлға» ақпарат сағаты

Дата: 10.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 19
2025 жылғы 10 сәуірде Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 11 мектептің балаларымен көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және жастар сыйлығының, сондай-ақ бүкіл түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Дара тұлға» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара мақсаты: Тұманбай Молдағалиев поэзиясы арқылы оқушыларда ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін ояту, ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау. Шараға 26 бала қатысты.

"Мейірімділік тамшысы" экскурсия

Дата: 09.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 20
2025 жылдың 9 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Хасанәлі Дәулет пен инклюзивті оқырманымыз Дильфизура Омарбаеваға "Мейірімділік тамшысы" атты экскурсия ұйымдастырылды.Максаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

«Баспасөз-әлеміне»

Дата: 07.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 16
2025 жылғы 07 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен «Баспасөз әлеміне» атты библиографиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру. Білім деңгейлерін оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы көтеру.

«Салуатты болу-сәнді болу» атты әңгіме сағаты

Дата: 04.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 7
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 7 сәуір -Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай 2025 жылдың 4 сәуір күні «Салуатты болу-сәнді болу» атты әңгіме сағаты кітапхана оқырмандары арасында өтті. Мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, дұрыс тамақтану мен спорттың рөлін көрсету, зиянды әдеттерден бас тартуға ынталандыру. Сонымен қатар, салауатты болудың сәнге айналғанын көрсету арқылы адамдарды денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға баулу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ