Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Өмірімнің өрнегі

Дата: 06.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
Өмірімнің өрнегі [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, дастан / Б. Қарабеков ... – Алматы : Жазушы, 2022. - 281, [6] б. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді . . – 3000 дана – ISBN 978-601-200-778-7 (мұқ.) : 1350 тг.

«Батырларға деген құрмет, тарихқа деген құрмет» тарихи сағат

Дата: 06.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 38
2024 жылы 6 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханада Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай әскери бөлімнің сарбаздарымен «Батырларға деген құрмет, тарихқа деген құрмет» атты тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын, халықтың Отан сүйгіштік қасиетін, қаһарман ерлігі мен еңбегін әңгімелеу. Р. Қошқарбаев туралы жаңа мәліметтер беру. Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, бейбітшілікті нығайту мен берік сақтауға, ержүректілікке тәрбиелеу. Шараға 27 оқырман қатысты.

Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" патриоттық сағат

Дата: 06.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
9 мамыр Жеңіс күніне орай 2024 жылдың мамыр айының 6 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі №2 орта мектептің оқушыларымен Талдықорған қаласының " Мәңгілік алау" монументіне тағзым етіп, "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" атты патриоттық сағат өткізді. Мақсаты: Оқырмандарға Ұлы Жеңістің мән-мағынасы мен маңызын түсіндіру және олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат пен азаматшаны тәрбиелеу.

"Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы"

Дата: 06.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 43
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2024 жылдың 6 мамыр күні Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты патриоттық сағат өтті. Мақсаты: жастарға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

«Отан қорғаушыларға тағзым етемін» ақпарат сағаты

Дата: 04.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 50
Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 2024 жылы 4 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай №14 орта мектеп гимназиясының 10 сынып кадет сыныбымен «Отан қорғаушыларға тағзым етемін» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Ұсынылған кітаптардан оқырмандар қазақтардың әскери ісінің тарихы туралы көптеген қызықты мәліметтерді алды. Шараға 24 оқырман қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ