Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Ленинградтық өрендерімді» оқушылар мәнерлеп оқыды

Дата: 17.04.2025 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 14
3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен № 29 мектептің бастауыш сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Асқақ үнді, алып ақын» атты жауынгерлерді жігерлендіретін жалында өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосқан қарт ақын Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлең жолдарын мәнерлеп оқу өткізілді. Кітапханашылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты - оқушылардың сөздік қорын молайтуға, ізденіс — шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, өз пікірлерін айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады. https://taldykorgan-online.kz/?p=15114 Данагүл Мәкен

"Тұғыры даналықтың болған - Абай" атты әдеби круиз

Дата: 17.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 9
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 17 сәуір күні қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай "Тұғыры даналықтың болған - Абай" атты әдеби круиз өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау.

Мамандық таңдау - ертеңді ойлау

Дата: 16.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 9
2025 жылғы 16 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №7 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына орай, «Мамандық таңдау-ертеңді ойлау» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы орнын айқындау, жұмысшы мамандық иелерін және маңызын ұлықтау.

"Шығармалар сыры" әдеби сағаты

Дата: 16.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 23
2025 жылғы 16 сәуір күні қалалық орталық кітапханасында «23 сәуір –Ұлттық кітап күні» фестивалі аясында Республикалық «Шығармалар сыры» кейворд-гексагон әдісі бойынша шара ұйымдастырылды. Шара «Бір ел – бір кітап-2025» республикалық акциясы туралы ақпарат беріліп, жазушы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловпен, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, 2025 жылы 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденов жайлы деректі фильм көрсетілді. Шара барысында № 16 мектептің 8 «А» сынып оқушылары Тәкен Әлімқұловтың «Текті қасқыр» әңгімесін кілт сөздер арқылы мазмұндаса , №14 мектептің 7 «В» «Абайдың заңды жалғасы» Жұмекен Нәжімеденовтың өмірбаянын кілт сөздер арқылы таныстырып, ақынның өлеңдерін оқыды. Шара соңында «Ұлт рухын ұлықтаған қаламгерлер» атты кітап көрмесіне шолу өткізіліп, қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтың "Ме...

«Мамандығым – мақтанышым» ақпарат сағаты

Дата: 15.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 17
2025 жылғы 15 сәуір күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай «Мамандығым – мақтанышым» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты; балалар өз мамандықтарын дұрыс таңдап, ел дамуына үлестерін қосып, қоғамға пайдалы адам, мықты маман болуына, жастардың терең білім алып, саналы азамат болып өсуіне бейімдеу. Шараға 30 бала қатысты https://www.facebook.com/share/r/15CUbReFDh/ https://www.instagram.com/reel/DIdbDLxRvKV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ