Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Өлкеңді таны, жас өрен" әдеби кураж

Дата: 22.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 15
2025 жылғы 22 сәуір күні «Ұлттық кітап күніне» орай «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігі ұжымының директоры, «Жетісу» облыстық газетінің тілшісі, журналист, отыздан астам шығармалардың авторы Андас Қажет мырзамен және Шоқан Уәлиханов атындағы № 10 мектеп -гимназиясының 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Өлкеңді таны, жас өрен » атты әдеби кураж өткізілді. Іс-шара барысында Қажет Андас мырза Жетісудың төл тарихын, қасиетті жерлері мен тарихи орындарына тоқталып, кең көлемде мағлұмат берді. Мақсаты- Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, білім беру жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру. https://www.instagram.com/reel/DIvqgS6Icn6/?igsh=Y282YnhybW04Zmdr

Жаңа кітаптар-жаңа кездесулер

Дата: 21.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 16
2025 жылғы 21 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен “Жаңа кітаптар-жаңа кездесулер” атты дебют-көрме өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.

«23 сәуір –Ұлттық кітап күні» кейс әдісі

Дата: 21.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 19
2025 жылғы 21 сәуір күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында оқырмандармен «23 сәуір –Ұлттық кітап күні» фестивалі аясында "Менің қиялымдағы ертегі" атты кейс әдісі өткізілді. Мақсаты: балаларды шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Халықтың қазыналы мұрасы

Дата: 21.04.2025 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 16
3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар қорғау күніне орай «Халықтың қазыналы мұрасы – көне ескерткіштер» атты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы Күміс Жұмаділқызы: Бұл шараның мақсаты — өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді қадірлеп, қастерлеуге, сақтауға үйрету,- дейді. https://taldykorgan-online.kz/?p=15186 Данагүл Мәкен

«Менің сүйікті кейіпкерім» атты рөлді сомдап оқу техникасы

Дата: 20.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 9
Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 20 сәуір күні «23 сәуір –Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты рөлді сомдап оқу техникасы ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары мен кішкентай бүлдіршіндер қатысты. Кітап оқуды насихаттап, өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында балалардың назарына «Шалқан» ертегісі ұсынылды. Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту, ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауыс мәнерін, дауыс ырғағын келтіріп айтуға дағдыландыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ