Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 04.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 38
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 4 маусым күні «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында кітапхананың тұрақты оқырманы Беспаева Жаңыл апамыз кітапхана қорына түрлі тақырыптағы кітаптарды сыйға берді.

"Бір ел - бір кітап" акциясы

Дата: 04.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
2024 жылдың 4 маусымында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарына «Бір ел- бір кітап» кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашы И.Басимқызы жыл кітабы ретінде таңдалған Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына шолу жасап, оның өмір жолымен оқырмандарды таныстырды.Мақсаты: ұлттық әдебиетті насихаттау, оқырмандарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу, оларды кітап оқуға баулу, кітапханаға тарту

«Ел рәміздері – еркіндік нышаны»

Дата: 04.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
Қалалық орталық кітапхананың оқу залында 2024 жылдың 4 маусым күні рәміздер күніне орай кітапхана оқырмандарымен «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

«Парақ тайм-2024» кітап жәрмеңкесі

Дата: 03.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 45
2024 жылдың 1 - маусым балаларды қорғау күні Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сінің ұйымдастыруымен кітап оқуды насихаттап, өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен мәдени шараны кітапхана директоры К.К.Сейтжанова ашып, мұндай жәрмеңке әрбір баспадан шыққан кітаптың оқырман қолына жетуіне оң ықпал ететінін, сонымен қатар автор мен оқырман арасында байланыс орнатуға да жағдай жасайтынын айтып, жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды. Шара «Кітапханаға кітап сыйла» акциясымен басталып, Өтенай ауылдық №5 кітапхананың тұрақты оқырманы Г. Рахимова түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартты. Шара барысында «Тәтті кітап» жобасы аясында қуыршақ театрының «Балық пен түлкі», «Волшебная сметана», «Жылауық», «К...

Тарихтан туған рәміздер

Дата: 03.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 39
2024 жылдың 3 маусым күні Рәміздер күніне орай №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Тарихтан туған рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырмандар арасында библиографиялық шолу өткізілді. Кітап көрмесіне мемлекеттік рәміздерге арналған барлық мәліметтер қойылды. Мақсаты: Оқырмандарды тәуелсіз еліміздің рәміздерін жетік білуге, әрі құрметтеуге және толықтай мәліметпен қанағаттандыру. https://www.instagram.com/p/C7vnc-6ivuz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ