Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Дата: 16.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың 16 мамыр күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхананың тұрақты оқырманы Үміт Акперова, Е. Әлімжанның «Бауыржанның пырағы», Ш. Айтматовтың «Біздің өміріміздегі әйелдер...», Е. Тоқтарбайдың «Матай Бөрібай батыр», «Талдықорған» атты альбом-кітабын сыйға тарту етті. Мақсаты: Оқырмандардың сыйға тартқан әрбір басылымы маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және оқырмандарымыздың рухани байлығын дамытуға, оқу мәдениетін жақсартып, уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндікті күшейтеді. Сыйға тартылған кітаптар кітапхананың арнайы кітап бұрышына орналастырылады. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз! https://www.instagram.com/p/C7BmY7xC6vF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Отбасы – тәрбие көзі» ақпарат сағаты

Дата: 15.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 30
Оқырмандардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында қалалық орталық кітапханада 15 мамыр күні №12 мектептің 5 Ә сынып оқушыларымен«Отбасы – тәрбие көзі»атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.

«Қазақтың қайсар үш арысы»

Дата: 15.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 43
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2024 жылдың 15 мамыр күні, өз дәуірінің поэзиясы мен прозасына сүбелі үлестерін қосқан алаш қайраткерлері Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақтың қайсар үш арысы» атты әдеби вернисаж кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты: Оқырмандарды қазақтың танымал қаламгерлері: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің өмір жолы, шығрмаларымен таныстыру. Олардың ұлт руханиятына, әдебиетке қосқан туындыларын насихаттау. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02AgUggrH52FNFmA43yJuxzgoGWiA5gx1mcpGjehkyr2qpuwFqGYkSmmiA1M5YV2tEl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXw1NyLhsLpuyxljBLFgG6BXpGvcz5yKG7mElm_RHnL_TeStfVWE4jBz2zCE9mHKwf2AANTGNesoz2brSUnxYmgGMMKG1hj6rlAu3R1xsdm-g&__tn__=%2CO%2CP-R

"777 жұмбақ" сөзжұмбақ ойыны

Дата: 15.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
2024 жылдың 15 мамыр күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде белгілі балалар ақыны, қарымды қаламгер Әли Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай "777 жұмбақ" атты сөзжұмбақ ойыны өткізілді. Мақсаты: балалар ақыны Әли Ысқабайдың шығармаларын насихаттау. Ақының өлеңдері арқылы балаларды бауырмалдыққа, достыққа және мейірімділікке баулу.

"Қазақ жырының құлагері"

Дата: 14.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
Қазақтың суреткер ақыны, жазушы, драматург Ілияс Жансүгіровтің туғанына биыл 130 жыл толуына орай Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 14мамыр күні "Қазақ поэзиясының құлагері" атты әдеби керуен өткізілді. Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау. Оқырмандарға Ілияс Жансүгіровтің еңбектерінің маңыздылығын көрсету.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ