«Ұлттық кітап күніне» орай «Kitap style» фестивалі
Дата: 24.04.2025
Категория: Новости
Просмотры: 14
2025 жылғы 23 сәуір күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі орталық арбатта «Ұлттық кітап күніне» орай «Kitap style» фестивалін ұйымдастырды. Шараның мақсаты кітап оқу мәдениетін көтеру, әдеби кітаптарды насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып саналады. Мерекелік шара «Талдықорған әуендері» ансамблі әншілерінің орындауындағы әсем әнмен басталып, Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараның маңыздылығына тоқталды. Ашылу салтанатында қаламыздың ақын-жазушылары Жұмабала Балақаранова, Санжар Сұлтанғазы және Семей полигон мүгедектер және ардагерлер ұйымының төрағасы Толымбек Данабеков, Чернобыль қоғамының төрағасы, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Құсайын Мұстафа сөз алып, оқырмандарды әдебиет әлемінің сиқырлы сәттеріне саяхат жасауға шақырды. Кітап фестивалі барысында кітап...