Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Әке шаңырақтың тірегі

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
Әкелер күніне орай 2024 жығлы 12 маусым күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында мектеп оқушылары арасында «Әке шаңырақтың тірегі» атты сторителлинг өткізілді. Мақсаты: жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту. https://www.instagram.com/p/C8Gzas2ihZE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

"Ғарышкері қазақтың"

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 12 маусым күні "Ғарышкері қазақтың" атты портрет кеші өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ғарышкері Т.Мұсабаевтың өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру.

"Кітаппен дос болайық"

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 55
Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 12 маусым күні жоспар бойынша оқушылардың кітапханадағы бір күн "Кітаппен дос болайық" атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға Еңбек ауылдық №22 орта мектептің "Күншуак" жазғы лагерінің 1 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты.

Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ!

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
2024 жылдың 12 маусымында қалалық орталық балалар кітапханасында «Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ» (12 маусым-балалар еңбегін қорғау күні) атты сұрақ жауап көрмесін №2 мектептің күндізгі лагеріне келетін оқушылар арасында ұйымдастырды. Мақсаты: Балаларға қатысты еңбек ауыр түрлерінің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау. - Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру. Заң сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.

«Кітапханаға кітап сыйла»

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
2024 жылдың 12 маусым күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Мақсаты: Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Осы шараға орай кітапхананың тұрақты оқырманы Жұпар Манкишева өз жеке кітапханасынан, әдеби мағынасы бар кітаптарды тарту етті.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ