Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Ұлы даланың ұлылары

Дата: 17.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 49
2024 жылдың 17 маусым күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы Ұлы дала тұлғаларына орай «Ұлы даланың ұлылары» атты бейнеролигін әлеуметтік желі оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғаларды жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу. https://www.instagram.com/reel/C8UQp8yiGJE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Рухани жаңғырудың жарқын жолы»

Дата: 17.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың 17 маусым Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты тұрақты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Тазалық - саулық негізі

Дата: 17.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 46
2024 жылдың маусымның 15- жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында №6 мектептің күндізгі лагерімен «Тазалық – саулық негізі» атты ойын сабағы ұйымдастырылды. Кітапханашы Дайрабаева Л. оқушыларға денсаулық туралы түсініктеме беріп, денсаулығымыз мықты болу үшін тазалықты сақтауға, тиімді тамақтануға, сонымен бірге денелерін шынықтыруға, спортпен шуғылдануға керек екендігін айтып,салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Әке жолы – ізгі жол

Дата: 14.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 54
Қалалық № 2 кітапхана филиалы «Әке күніне» байланысты 2024 жылдың 14 маусым күні оқырмандармен «Әке жолы – ізгі жол» атты пікір сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандардың әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу. https://www.instagram.com/p/C8UJgO1Cs_p/?igsh=bG40ZHNuOWY0YTA= https://www.facebook.com/share/p/FLdWvrxb6RMBhV94/?mibextid=qi2Omg https://vk.com/wall452366377_3436

"Азаттықтың алмас қылышы"

Дата: 13.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 47
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 13 маусым күні Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай "Азаттықтың алмас қылышы" атты ой-толғау өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға Ұлы күрескер бабамыз Махамбеттің тарихи тұлғасы, дауылпаз ақындығы мен сазгерлік қабілет-қасиеті, киелі аруақ иесі екендігін таныту.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ