"2025 Жұмысшы мамандықтар жылы" көш керуен
Дата: 05.03.2025
Категория: Новости
Просмотры: 13
Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен аудан, қала кітапханаларынан бастау алған көшкеруен 2025 жылы 5 наурызда Өтенай ауылдық кітапханасында жалғасты. «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапхана меңгерушісі Қажаева Салтанат Нұржауқызы библиографиялық шолу өткізді. Көш керуенге Өтенай ауылдық «Ардагерлер кеңесінің төрағасы», ардагер ұстаз Сүлейменов Беделбек,Қазақстанның ішкі істер үздігі, Семей-полигон мүгедектер және ардагерлер ұйымының төрағасы,Талдықорған қаласының құрметті азаматы - Данабеков Толыбек Сүлейменұлы,балалар жазушысы Жұмабала Балақаранова,шағын кәсіпкер иесі Тазабекова Мира Төкенқызы, Өтенай ауылдық амбулаториясының мейірбикесі Жазира Болысбекова, кітапхана қызметкерлері және №21 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.Ш...