Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Қуғын-сүргін құрбандары-ел жадында" тарихи сағат

Дата: 29.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 8
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 29 мамыр күні кітапхана оқырмандарымен «Қуғын-сүргін құрбандары — ел жадында» атты тарихи сағат өтті. Мақсаты: 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, жастарға тарихи сананы қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Кітаппен жарқын әлемге» миға шабуыл.

Дата: 29.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 8
2025 жылғы 29 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында мектеп оқушылары арасында «Кітаппен жарқын әлемге» миға шабуыл шарасы өткізілді. Мақсаты:Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, балаларды кітап оқуға, оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.

«Бақытты балалық шақ» атты асфальтқа сурет салу ертеңгілігі.

Дата: 28.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 5
2025 жылғы 28 мамыр күні 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында еркін тақырыпта «Бақытты балалық шақ» атты асфальтқа сурет салу ертеңгілігі мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты:«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін кеңейту, достық қарым-қатынасты нығайта отырып, өлең айтып, би билеу, асфальтқа сурет салу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін және өзгені құрметтеуге баулу, өзін жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Шара соңында балаларға балмұздақтар таратылды. https://www.instagram.com/reel/DKMgxCvIxfq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.facebook.com/100022548073225/videos/2654096018133199/?__cft__[0]=AZVAImfSxVSc5vpLvsBAupQ6mqLmlFPW9thAU3Z9wHymriFXC76ieDMT2Xd8SKGWgiZDMtY2_qsQkFpLkDNsYeiaOs5IVuoClZ8cLHAWIROBgjpl0d1K7xeWfzNYtzTnMEFH1GMZkku3xUebd-ttbtGVVZkDsO4Nvl9_hPpcLDIA9w&__tn__=%2CO%2CP-R https://vk.com/wall452366377_3705...

"Зұлматты жылдар шежіресі" атты кітап көрмесі

Дата: 28.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 6
2025 жылғы 28 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлматты жылдар шежіресі» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: ХХ ғасырдың ең қасіретті беттерінің бірі саналатын саяси қуғын-сүргін жылдарының құрбандарын еске алып, олардың рухына тағзым ету, өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, өткеннің тағылымын санасына сіңіру. Көрме үш бөлімнен тұрады: I бөлім: «Қасіретке толы жылдар» Бұл бөлімде 1920–1950 жылдар аралығындағы жаппай қуғын-сүргіннің зардаптары, ГУЛАГ лагерьлерінің тарихы және жазықсыз жазаға ұшыраған азаматтар жайлы материалдар ұсынылған. II бөлім: «Жазықсыз жандар – ел үшін құрбан» Бұл бөлім Алаш қозғалысының қайраткерлері мен сталиндік репрессия құрбандары — көрнекті тұлғалар туралы әдебиеттер мен мұрағат деректеріне арналған. Қазақ халқының зиялыларының тағдыры, олардың ел болашағы үшін жасаған еңбегі баяндалады. III бөлім: «Тарихтан та...

«Зұлмат жылдар зардабы» атты кітап көрмесі.

Дата: 27.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 14
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында 2025 жылдың 27 мамыр күні 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар зардабы» атты кітап көрмесіұйымдастырылып, оған библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға саяси қуғын -сүргін құрбандары жөнінде түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, жасөспірімдердің адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, олардың бойына Отансүйгіштік, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін үлгі-өнеге ету.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ