Марапат қала әкімінің “Алғыс хаты"
Дата: 13.02.2025 | |
Просмотры: 14 | Печать страницы |

2025 жылдың 13 ақпан күні Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде “Талдықорған қаласының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттері туралы әкімдіктің кеңейтілген кеңесі” өтті. Аталмыш жиында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының меңгерушісі Нұрсағатова Амина Сабитқызы қала әкімінің “Алғыс хатымен”марапатталды. Құрметті Амина Сабитқызы марапатыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыстармен жұмысыңызға сәттілік тілейміз.