Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Кітапхана -мәртебелі мамандық» салтанатты кеш

Дата: 30.10.2024
Просмотры: 52 Печать страницы
«Кітапхана -мәртебелі мамандық» салтанатты кеш

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 29 қазан күні «24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру, оның кәсіби біліктіліктерін арттыру және ынталандыру мақсатында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш кеште Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Дайрабаева Ләзат Сұлтанғазықызы шығармашылық шеберлігімен жобаны жүзеге асырудағы белсенділігі және балалармен жұмысты ұйымдастырудағы жан-жақты біліктілігін жоғарғы дәрежеде көрсеткені үшін «Үздік балаларға арналған жоба» байқауының бас жүлдесімен марапатталды.
Кітапхана ұжымы Ләзат Сұлтанғазықызын жеңісімен құттықтап, еңбектің жемісін көріп, армандарына адаспай жетуін тілейміз. Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын.
Марапатыңыз құтты болсын!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ