Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне
Дата: 23.04.2021 | |
Просмотры: 103 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалы 2021 жылдың сәуір айының 18 жұлдызында «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне» орай Талдықорған қаласындағы Ғ.Орманов ескерткішінің алдында ақынға тағзым жасап, ақынның өмірбаянынан шағын мәлімет берді. Еңбек ауылындағы №22 мектептің 10 сынып оқушысы Құндақбаева Алсу ақынның «Шабыт» атты өлеңін оқыды. Мақсаты: майталман суреткер ақынның өмірі, өнері және өлеңі туралы мәлімет беру, Ғ.Ормановтың шығармаларын насихаттау.