Знаменательные даты

< Апрель / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

“Жыр қағаны-Жұматай” әдеби- сазды кеші

Дата: 06.02.2025 Категория: Краеведение Просмотры: 18
2025 жылғы 04 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында Жұматай Жақыпбаевтың 80 жылдығына арналған“Жыр қағаны-Жұматай”атты әдеби- сазды кеші өтті. Шараға 12 орта мектеп гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Жұматай Жақыпбаевтың өмір жолы туралы видеоролик көрсетіліп, оқушылар өлең- жырларын оқыды. Мақсаты: жазушысы, Жұматай Жақыпбаевтың өнегелі өнер жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Шараға 25 оқушы қатысты.https://www.instagram.com/reel/DFpeBScobwe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

«Қазақ жырының тұңғиығы» поэтикалық марафон

Дата: 21.10.2024 Категория: Краеведение Просмотры: 30
2024 жылы 21 қазан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында Талдықорған облыстық (бұрынғы «Октябрь туы»), «Жерұйық» газеттерінде бөлім меңгерушісі, мектептерде мұғалім болып қызмет істеген, Қазақстан Жазушылар Одағының «Аққұс» қауымдастығының төрағасы қызметтерін атқарған, қазақтың дарынды ақыны Әбен Дәуренбековтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қазақ жырының тұңғиығы» атты поэтикалық марафон мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Әбен Дәуренбеков аталарының шығармашылығымен таныстыру және шығармаларын насихаттау, Отанын, туған жерін, табиғатты сүюге, ата – ананы құрметтеуге шақыру. https://www.instagram.com/p/DBX-NzIiwIp/?igsh=eTVxdTBtcTlkcmNs

«Ән тербетіп, жыр жағалап келемін»

Дата: 11.02.2022 Категория: Краеведение Просмотры: 95
Ақпан айының 9-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында жазушы, ҚЖО мүшесі Жанат Орынбайұлы Елшібековтың 75 жасқа толуына орай, оқырмандардың жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, тіл мәдениетін, сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету мақсатында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Ән тербетіп, жыр жағалап келемін» атты онлайн ақпарат ұйымдастырды. Шара барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға жазушының туындылары туралы және шығармаларының өзекті тақырыбы жайлы айтып өтті. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында 84 қаралым, инстаграм парақшасында 61 қаралым, вконтакте 19 қаралым. Жалпы 164 қаралым болды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1141812953246963&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CZvtkBKg7B-/?utm_medium=copy_link

«Жырым саған туған жер»

Дата: 04.02.2022 Категория: Краеведение Просмотры: 95
Қаңтар айының 27-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік желі парақшаларында көрнекті ақын Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларды Отансүйгіш, елжанды, өз елін, жерін сүйетін, жан-жақты, рухы биік тұлға қалыптастырумақсатында «Жырым саған туған жер» атты онлайн ақпарат ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Т.Құрманғалиева ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы толық ақпарат беріп, қазақ ақын-жазушыларының Ғ.Орманов жайлы естеліктеріне тоқталды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1133523667409225&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CZO0WDOF9_v/?utm_medium=copy_link

«Одна страна – одна книга»

Дата: 29.06.2021 Категория: Краеведение Просмотры: 98
«Одна страна – одна книга» тақырыбындағы мақала № 24, 18.06.2021 ж, 3 б. Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Майлянова Г.Х.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ