Өлең - сөздің патшасы
3-ші қыркүйек сағат 11.00-де фейсбук парқшасында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» №8 кітапхана филиалының (Учхоз ЗВТ) кітапханашысы А. Қадырова Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Әміреев Жұматай Оспанұлымен «Өлең – сөздің патшасы» атты тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Эфир барысында Жұматай Әміреев ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы туралы толық мағлұмат беріп, Абай атамыздың өлең шумақтарын оқырман қауымға оқып, тарту етті. Мақсаты: Жастарды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларымен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қарасөздерінің мағынасын түсіндіре отырып адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.