Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

онлайн кездесу А.Кенжебекова

Дата: 05.11.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 96
2020 жылдың 3-қараша күні сағат 11-00 де Қазақстан Республикасының халық әртісі, Б.Римова атындағы драма театрының әртісі Кенжебекова Алмахан Нұрсейітқызымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Өнерім-өмірім» тақырыбында онлайн кездесу Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен өткізілді. Эфир барысында театр майталманы Алмахан апай өзінің өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушыларының тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап беріліп, желі оқырмандары Алмахан апайға шығармашылық табыстар тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Мақсаты: Жетісулық жерлесіміз театр және кино актрисасы, өнер майталманы А.Кенжебекованың өнерін оқырмандарға насихаттау.

«Балаларға қазына»

Дата: 29.10.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 108
Қазан айының 27-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жергілікті ақын, Ескелді ауданында білім саласында еңбек етіп жүрген, ұрпақтарға білімнің нәрін берген ұстаз, ақын, балалар шығармашылығының жанашыры Айман Кәріпбаевамен фейсбук парақшасында онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Ақын жуырда Алматы облысының әкімінің қолдауымен шыққан «Балаларға қазына» атты жинағына енген еңбектерімен оқырмандарды таныстырып өтті. Тікелей эфир кезінде оқырмандардан көптеген сұрақтар келіп, тұшымды жауаптар берілді. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/836533367108258/

Есболат Айдабосынмен офлайн кездесу

Дата: 14.10.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 190
14 қазан күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында «Туған жерге» тағзым жобасы аясында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Алтын тобылғы», «Алтын қалам» әдеби сыйлықтарының иегері, «Сүлікқара», «Қызыл сақа», «Тибет аруы» атты кітаптардың авторы жазушы Есболат Айдабосын мырзамен кездесу өтті. Шара барысында оқырман қауым өздерін қызықтыратын бірқатар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сонымен қатар автор өзінің кітаптарына жеке-жеке тоқталып өтті. Автордың соңғы шыққан 4 бөлімнен тұратынын кітабы «Тибет аруында» кітаптың әр бөлімі қала тарихы, дала тарихы, бала тарихы болып баяндалады. Сол дала тарихын құрайтын бөлімінде Жетісу өңірінде өмір сүрген Байсерке, Қожеке сияқты күйшілер туралы зерттеген тарихи жазбалары кіргендігін әңгімеледі. Ондағы мақсат қазақтың күй өнеріндегі көмескіленіп, ұмытыла бастаған тұлғаларды оралту екендігін айтты.

Онлайн кездесу. Дін-тәрбиенің рухани тірегі

Дата: 12.10.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 140
2020 жылы 8 қазан күні сағат 11.00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық №2 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы КММ-сінің» бөлім бастығы Сағыныш Асқарұлымен «Дін тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: Жастардың діни сауттылығын ашу, оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрін қастерлеп сақтауға, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап беру.

Абылайхан Оспановпен онлайн кездесу

Дата: 08.10.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 98
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/815175085910753/?t=487
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ