Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Бала тәрбиесі баршамызға ортақ»

Дата: 22.10.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 337
«Бала тәрбиесі – жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», - деп қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы М.Жұмабаев айтқандай тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Оқырмандарды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығын айқындау мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қазан айының 20 – шы жұлдызында № 2 орта мектептің 5 – ші сынып оқушыларымен «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1070117387083187&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/CVPotBLsA9v/?utm_medium=copy_link

«Алтын тостағанды іздеу»

Дата: 21.09.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 62
«Бір ел, бір кітап»акциясы аясында қалалық орталық балалар кітапханасы қыркүйек айының 16 – шы жұлдызында ZOOM бағдарламасы арқылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған 30 кітаптың балалар әдебиеті жанры бойынша таңдалған ертегі-аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген, шым-шытырық оқиғалар жанрында жазылған«Алтын тостағанды іздеу»Бату мен оның достарының бастан кешкендері кітабының авторы мəдениеттанушы, журналист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты, аудармашы, Наурызбаева Зира Жетібайқызымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырды.Кездесудің мақсаты– оқырмандарды Бату мен оның достарының бастан кешкендері повесін оқи отырып, автордың шығармашылығымен таныстыру.Кездесуге 3 – 5 сынып оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1047636492664610&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CT4QZmvsTE5/?...

Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік жаршысы

Дата: 27.08.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 1124
2021 жылдың тамыз айының 26 жұлдызында сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай ардагер ұстаз, желтоқсан оқиғасының куәгері Тастанбеков Дәулетхан Қалдықанұлымен «Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік жаршысы» атты онлайн кездесу ұйымдастырды. Мақсаты: Оқырманға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ азаматының бойына дарыту. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.

Ардагер ұстаздың – өмір өрнегі

Дата: 30.06.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 1192
2021 жылы 29 маусым күні Талдықорған қалалық Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Ардагер ұстаздың – өмір өрнегі» атты тақырыбында зейнеткер ұстаз Егінбайқызы Жұмағыз Байтаевамен онлайн кездесу кеші ұйымдастырылып өтті. Ол кісі өзінің балалық шағы, ұстаздық жолы жайлы және оқырмандарға әр адам өз мамандығын мақтаныш ету керек деген ойын білдірді. Кітап оқып рухани бай болайық дей отыра, жастарды және жасөспірімдерді кітап оқуға шақырды. Кездесу өту барысында әлеуметтік желі оқырмандарынан көптеген сұрақтар келіп түсіп, қанағаттанарлық жауаптар алынды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/230545195574637/

«Балаларға қазына»

Дата: 22.06.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 1136
Маусым айының 3-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жергілікті ақын, Ескелді ауданында білім саласында еңбек етіп жүрген, ұрпақтарға білімнің нәрін берген ұстаз, ақын, балалар шығармашылығының жанашыры Айман Кәріпбаевамен фейсбук парақшасында онлайн кездесу өткізілді.Мақсаты:оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Ақын жуырда Алматы облысының әкімінің қолдауымен шыққан«Балаларға қазына»атты жинағына енген еңбектерімен оқырмандарды таныстырып өтті. Тікелей эфир кезінде оқырмандардан көптеген сұрақтар келіп, тұшымды жауаптар берілді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=979598072801786&id=100022548073225
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ