Труд побеждает все
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 12 тамыз күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының оқу залында ауылымыздың шағын шаруашылық иелерінің арасында «Еңбек – бәрін жеңбек» деген тақырыпта кездесу кеш өтті. Мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу, үлкендердің еңбегін бағалау, күделікті тұрмыстағы заттардың бәрі еңбек арқылы келетінін түсіндіру, ой - өрісін, сана- сезімін, дүниетанымын дамыту, мейірімділікке, еңбекқорлыққа адалдыққа, Отанын, елін, жерін сүйетін патриоттар тәрбиелеу болып табылады. Іс- шара барысында: Сөз кезегін алған шағын шаруашылық иелері Мирамгүл мен Светлана апайларымыз былай деп сөзін қортындылады. Еңбек – адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы, сана- сезімін, ой- өрісін, сөйлеу тәрізді қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш болып табылатыны жайлы сөз етті. Адам еңбек арқылы...