Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Туған жерге тағзым" Арафат Ысқақовпен онлайн кездесу

Дата: 22.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 157
2020 жылдың 24 сәуірінде сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, әнші, термеші Ысқақов Арафат Қалибекұлымен онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: дәстүрлі әнші, термеші А.Ысқақовтың шығармашылығы жайлы оқырмандарға ақпарат беру, дәстүрлі ән өнерінің жайлы мағлұмат беру. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=696500201111576&id=100022548073225

"Жеңіс туын желбіреткен" Әлем чемпионы Сүйінов Мереймен онлайн кездесу

Дата: 22.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 145
2020 жылдың 27 сәуірінде сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы, Европа чемпионы, Әлем чемпионатының чемпионы, күміс және қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сүйінов Мерей Иебергенұлымен онлайн кездесу өтті. Мақсаты: жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру.

"Мен сені сүйемін, сүй, көктем" ақын Гүлбақыт Қасеновамен онлайн кездесу

Дата: 22.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 282
11 сәуір сағат 19.00 де фейзбук парақшасында "Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қасенова Гүлбақыт Тоқтанқызымен тікелей эфир өтті. Эфир барысында Г.Қасенова өмірі мен шығармашылығы жайлы айтты. Сонымен қатар ақын өзінің бірнеше өлеңдерін оқыды. Оқырмандар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, жылы лебіздер білдірілді.

" Жас толқынның кәусары"

Дата: 14.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 154
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында орталық қалалық балалар кітапханасында өлкемізде елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуды насихаттау, олардың еңбек, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында «Жас толқынның кәусары» атты жергілікті ақын Айман Кәріпбаевамен онлайн - кездесу өткізілді. Онлайн - кездесу барысында орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Фарида Жакупова жалпы қаламгерлер шығармалары жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтінін айта келе, жерлесіміздің шығармаларымен таныстырып, «Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқыды. Шарның соңында кітапханашы кездесуге қатысқан оқырмандарға ризашылығын білдіріп, ақынға шығармашылық табыс тіледі. Онлайн кездесу барысында 21 сұрақ қойылды,91 қаралым,18 пікір қалдырды .

Ұлы Жеңіс – үрпаққа аманат» атты онлайн дәріс

Дата: 14.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 151
Сәуір айының 30-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі фейзбук желісінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімі Д.Ықыласбаевпен «Ұлы Жеңіс – үрпаққа аманат» атты онлайн дәріс ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Онлайн дәріс өткізу кезінде тақырыпқа байланысты 35 сұрақтар қойылып, 332 оң пікір, 455 қаралым болды
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ