Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй»

Дата: 22.07.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 101
2020 жылдың 21 шілдесінде сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының әншісі, Қ.Бәйсейтіов атындағы саз колледжі «Дәстүрлі ән салу» бөлімінің меңгерушісі, ұстаз Хармысов Абылайхан Жұмәділұлымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.Мақсаты:оқырмандарға бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан қазақтың дәстүрлі әндерін, мәдени құндылықтарын насихаттау. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұраларымызды сақтап, рухани байлығын дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук желісіндеқаралымы 1938, оң пікір 203болды.

"Интернет, кітап және бала" онлайн кездесу

Дата: 24.06.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 167
2020 жылдың 23 маусымында сағат 11-00 де «Талдықорған қаласыныңорталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы облысының әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлымен «Кітап, интернет және бала» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға саналы түрде баулу, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын дамыту. Кітап пен интернеттің алар орнын, оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, тиімді және тиімсіз жақтарын көрсету. Кездесу барысында оқырмандар тарапынан 35 сұрақ қойылып, 2307 қаралым болды.

Елдос Баялышбаевпен оналайн кездесу

Дата: 15.06.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 92
«Мен үшін мүмкін емес нәрсе жоқ» атты тақырыпта 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, «Асар» фитнес-оңалту орталығының директоры Елдос Баялышбаевпен онлайн кездесу https://www.facebook.com/100022548073225/videos/730177587743837/?t=11

«Жемқорлыққа жол жоқ» онлайн кездесу

Дата: 10.06.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 122
Маусым айының 9-шы жұлдызында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет, архивтер және құжаттам басқармасының бас маманы, Талдықорған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының бақылау комиссиясының мүшесі, заңгер Жақыпбек Айдос Молдашұлымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында онлайн дәріс ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру. Кездесу барысында оқырмандар тарапынан 59 сұрақтар қойылып, 127 оң пікірлер, 1321 қаралым болды.

Дін-тәрбиенің рухани тірегі

Дата: 09.06.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 132
2020 жылы 21 мамыр күні сағат 11.00-де инстаграмм парақшасында "Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жанындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі-Индира Қилымбекқызы Беркімбаевамен «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында онлайн кездесу тікелей эфир өтті. Мақсаты:Барша ғаламтор пайдаланушыларға және жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру, жастарға экстремизм және террорлық әрекеттердің халық өміріне қауіптілігін түсіндіру мен қатер жат діни ағымдардан сақ балуға, Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқырмандар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, өз ойларына тұжырымды жауап таба алды. Қорта келгенде әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгенде...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ